«Орамалды шеше салу сән ғой бұларға»: Кәмшат Жолдыбаева ел талқысына түсті (ВИДЕО)

Маусым 13, 2025 - 12:21
«Орамалды шеше салу сән ғой бұларға»: Кәмшат Жолдыбаева ел талқысына түсті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Танымал актриса Кәмшат Жолдыбаева хиджабын шешіп, тағы да елдің қызу талқысына түсті. Актриса өзінің жаңа образын желідегі парақшасында жариялады. Онда оның орамалы мен хиджабын шешкенін анық байқауға болады, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Мақсаттың ауқымдылығы біреуді шабыттандырса , біреуді керісінше кері шегіндіреді... Ал күнделікті кішкентай қадамдар өркендеуіміздің бірден бір жолы", деп жазды Жолдыбаева. 

Желі қолданушылары актрисаның бұл әрекетін қызу талқылап жатыр. Олардың бірі оның күйеуімен ажырасты деп болжаса, енді бірі хиджабын шешкеніне қуанған.

"Апамыз орамалын шешіпті ғой", "Сұлусың, осылай көрініп тұршы", "Осылай еркін болып сұлулығыңызды паш етіп жарқырап жүріңіз", "Орамал таға салу, шеше салу сән ғой бұларға", "Орамалға келу бір күш, шешу де бір күш, біреуге оңай көрінгенмен", "Күйеуімен ажырасып кетпесе болғаны", - деді олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Камшат Жолдыбаева (@kamshat__zholdybayeva)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow