«Орталық Азия елдері үшін тым артық»: Қазақстанға қымбат әрі сәнді ұшақ мініп келген Ұлыбритания министрінің басы дауға қалды
Лейбористік партияның мүшесі Эмили Торнберри мемлекеттік қызметкердің сапарын «ысырапшылдыққа» бағалады.
Өткен аптада Қазақстанға сапарлап келген Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Камеронның басы дауға қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy The Mirror онлайн басылымына сілтеме жасай отырып.
Ағылшындар оның Орталық Азия елдерін сапарлауға 5 күнге жалға алған ұшағы өте қымбат дейді.
Өткен аптада Ұлыбритания министрі Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Монғолияға құны 42 миллион фунт стерлинг тұратын Embraer Lineage 1000 ұшағымен сапарлаған.
Embraer Lineage 1000 ішінде қымбат ыдыстармен сәнделген ас үстелі, жеке жатып демалатын кең дивандар бар. Бортта «өте кірпияз» жолаушыларға шарап таңдауға көмектесетін жеке қызметкер де болған.
«Мұндай сапарларға арналған үкіметтік ұшақтар бос болмаса, министрлерге жеке ұшақ жалдайды. Бірақ сыртқы істер министрінің Орталық Азия елдерін аралауға ең қымбат әрі сәнді ұшақты жалдауы тым артық. Бұл ысырапшылдық», - дейді лейбористік партияның мүшесі Эмили Торнберри.
Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер халықтың салығын оңды-солды шашпай, жөнімен пайдалануы керек.
Ведомство Сыртқы істер министрінің Ұлыбританияның мүддесі үшін сапарға шығып тұру керек екенін айтып, сапар шығындары үнемі ашық жарияланып отыратынын атаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?