«Осыған разы болыңыз»: Жанболат пен Жазира құдаларына берген қалың малы қызу талқыланып жатыр
Әнші Жанболат пен Жазираның отбасылық қуанышына байланысты тағы бір жайт жұрттың назарын аударды. Құдалық барысында берілген қалың мал мөлшері желіде кеңінен талқыланып жатыр, деп хабарлайды sadaq.kz.
Желіде тараған бейнежазбада үлкендер жағы құдаларға 10 миллион теңге ұсынып, оған қосымша 300 мың теңге көлемінде сый-сияпат жасап «осыған разы болың деген сәтін көруге болады.
Оқырмандар бұл көрініске әртүрлі көзқарас білдіруде. Бірі жас отауға ақжарма тілегін жолдаса, енді бірі берілген қаржы көлемін сөз етіп, өз пікірлерін ашық жазып жатыр.
«Қуаныштарың баянды болсын!», «Мұнша ақша беру міндет пе екен?», «Әркімнің жағдайы әртүрлі ғой, жастар бақытты болсын» деген секілді пікірлер жазып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
1
Керемет
0
Күлкілі
1
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0