Өскемендік жасөспірім құрылыс алаңында қолынан айырылды

Шілде 30, 2026 - 17:33
chat_bubble  0 visibility  4
Өскемендік жасөспірім құрылыс алаңында қолынан айырылды
Фото: Pixabay

Жасөспірім құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорында ресми еңбек шартысыз жұмыс істеген. Бұл туралы Sadaq.kz сайты YK-news.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорында еңбек шартынсыз жұмыс істеген.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, зардап шеккен жасөспірімге еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізілмеген және онымен еңбек шарты жасалмаған. Салдарынан жасөспірім жарақат алып, дәрігерлер қолына ампутация жасады.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккен азаматқа қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама берілмеген және еңбек шарты жасалмаған. Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Бақытбек Қизатов.

Ал Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі ("Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Бақытбек Қизатовтың айтуынша, өңірде өндірістік жарақаттану деңгейі артқан. Өткен жылдың алғашқы алты айында облыста 45 өндірістік оқиға тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 55-ке жеткен. Зардап шеккендердің басым бөлігі Өскемен қаласында тіркелген. Одан кейін Шемонаиха, Риддер және Алтай аудандары тұр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0