«Өтірік елжанды болып жүргенде...»: Мөлдір Әуелбекова Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 5 қазан күні әлемге әйгілі «Мэдисон Сквер Гарден» сахнасында жеке концерт берген еді.

Қазан 7, 2025 - 20:56
«Өтірік елжанды болып жүргенде...»: Мөлдір Әуелбекова Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты
Фото: коллаж sn.kz

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова threads-тегі парақшасында әнші Димаш Құдайберген туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz 

Әуелбекова әлемдік жұлдыздың ана тілінде сөйлегеніне риза болған. 

"Көбісі, мені СНГ қарайды сол үшін орыс тілде сөйлеймін деген сылтаумен алдамшы елжанды болып жүргенде, Димашымыз әлемді қазақ тілде шырқатты! Неге қазақ тілде? Себебі ол: мені әлем таниды, сол үшін өз тілімде сөйлемеймін - демеді. Димаш, өзге тілді біле тұра, өз тілін құрметтеуді сөзбен емес іспен дәлелдеп, мәртебесін асқақтатты! Димаш - ұлттық мұра!", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 5 қазан күні әлемге әйгілі «Мэдисон Сквер Гарден» сахнасында жеке концерт берген еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow