«Өзбекстанда тығылуды қой»: Америкалық файтер Шавкат Рахмоновты сынап тастады
UFC-дің жартылай орта салмағындағы америкалық файтер Хоакин Бакли қазақстандық Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке ашық шақырып, оны өзімен кездесуден қашып жүр деп айыптады, деп хабарлайды 1bol.kz.
Әлеуметтік желідегі үндеуінде америкалық спортшы Рахмоновтың әлеуетін төмендетуге тырысып, оның ешқашан өз деңгейіндегі қарсыласпен жекпе-жек өткізбегенін айтты.
«Өзбекстанда тығылуды қой. Сен менің жылдамдығымды да, қысымымды да, күшімді де сезінген жоқсың. Образбен өмір сүріп жүрсің, ал мен оны бұзуға дайынмын. Егер өзіңді чемпиондыққа үміткермін деп санасаң, онда алдымен менімен кездес», — деді Бакли.
Ол сондай-ақ Шавкаттың командасы да бұл жекпе-жекті айналып өтуге мүдделі екенін мәлімдеді:
«Kill Cliff менің атымды атамайды. Генри Хуфттың өзі жігіттеріне менімен кездесуге болмайтынын айтқан», — деп жазды ол.
Бакли үндеуін қатаң талаппен аяқтады:
«Мен сенің соңыңнан келемін. Ешқандай сылтау жоқ. Келісімшартқа қол қой».
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0