Париж-2024: Махмұд Сабырхан қарсыласынан ұтылып қалды

Испаниялық боксшыға есе жіберді.

Шілде 31, 2024 - 15:04
 0  63
Париж-2024: Махмұд Сабырхан қарсыласынан ұтылып қалды
Фото: olympic.kz

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

57 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз испаниялық Хосе Кулес Бротостан айласын асыра алмады.

Айта кетейік, осыған дейін Қамшыбек Қоңқабаев пен Асыланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жектерінде қарсыластарынан жеңіліп қалған болатын. 

Сондай-ақ, осыған дейін ерлер арасында Нұрбек Оралбай, 51 келіде Сәкен Бибосынов, 63,5 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шыққан болатын. Сонымен берге әйелер арасында Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегін сәтті бастаған еді.

 Айта кетейік, бүгін Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен — триатлон, стенд ату, бокс, спорттық гимнастика және оқ атудан жарыс жолына шығуы тиіс.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0