Парламент қоғамдық орында ниқаб киюге тыйым салатын заң жобасын қабылдады

Қазақстан парламенті мәжілісі қоғамдық орында адамның бет-әлпетін толық жабатын киім-кешек киюге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.
Құжат президентке қол қоюға жіберілді.
Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ниқаб киюге тыйым жеке заң түрінде емес, Ішкі істер министрлігі әзірлеген қауіпсіздікке қатысты заң жобасының бір бөлігіне құқық норма ретінде енгізілетінін айтқан еді.
Құжатта қоғамдық орында никаб сияқты адамның бет-жүзін тұтас жабатын киімдерге тыйым салу қарастырылған.
Дегенмен, бұл шектеудің бірқатар ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, заң талаптарын орындау үшін, медициналық мақсатта, төтенше жағдайлар кезінде, ауа райы қолайсыз болғанда немесе спорттық және мәдени шараларға қатысқан кезде бет-жүзді жабатын киім киюге рұқсат етіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






