Павлодар облысында ауыл әкімі фельдшерді сабаған

Қазан 3, 2025 - 17:13
Павлодар облысында ауыл әкімі фельдшерді сабаған
Фото: Pixabay.com

Павлодар облысы Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Уразалимов фельдшермен жанжалдасып, басы дауға қалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Шенеуніктің фельдшерді соққыға шыққаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.  Оған сенсек, Ержан Уразалимов Екібастұз қалалық ветеринарлық станциясының фельдшерін соққыға жыққан. Салдарынан фельдшердің ми шайқалып, бетінен жарақат алаған.

Павлодар облыстық полиция департаменті Instagram парақшасында болған жағдайды растап, түсініктеме берді.

“Оқиға кешкі уақытта, жұмыс уақытынан тыс, іс-шара кезінде болды. Жағдай тұрмыстық сипатта болған, кәсіби қызметке еш қатысы жоқ”, – деп мәлімдеді полиция.

Ведомствоның мәліметінше, екі тарап өзара келісімге келіп, бір-біріне ашқандай арыз-шағымы жоғын айтқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow