Павлодарда 7 жасар баланың тілін кескен: Бүлдіршін өтірік айтқан болып шықты
Павлодар қалалық полициясы жеті жасар балаға жасөспірімдер шабуыл жасады деген дерекке тексеріс жүргізіп, оның жарақатты өзі абайсызда алғанын және соққыға жығылды деген оқиғаны ойдан шығарғанын анықтады, деп жазады Sadaq.kz.
Облыстық полиция департаменті болған жайтты көршілерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын қарағаннан кейін баланың соққыға жығылғаны расталмағанын мәлімдеді.
«Анықталғандай, кәмелетке толмаған бала әткеншекте тербеліп отырған, кейін қызығушылықпен ерні мен тілін металлға өзі тигізген. Тілі жабысып қалған соң, тартып қалған. Тілінен аққан қанды көрген соң қорқып, әкесінің назарын аудару үшін осы әңгімені ойлап тапқан», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Тағы оқыңыз: Жеті жасар баланың тілін кесіп алмақ болған: Павлодарда сұмдық оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Балаға түсіндіру жұмысы жүргізілді. Анасына мектеп психологынан кеңес алуға ұсыныс берілді.
«Сонымен қатар бала толық айыққаннан кейін оның және заңды өкілінің іс-әрекеті кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады», – деп атап өтті полиция.
Павлодар облысының балалар омбудсмені Сәуле Шакенова жеті жасар баланың жеке ісін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қарауға түбегейлі қарсы екенін мәлімдеді.
Баланың анасы видеоүндеу жариялап, ұлының соққыға жығылды деп өтірік айтқанын растады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0