Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды қорлаған

Ақпан 13, 2025 - 12:18
Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды қорлаған
Фото: Pixabay.com

Ақсу қаласының прокуратурасы бақылау жұмыстары кезінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде тағы да қарттарды азаптау фактісін анықтады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қарттар үйіндегі бейнекамераларда түсірілген жазбаларда жантүршігерлік кадрлар бейнеленген. Мекеме қызметкерлері екі қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, оларға зорлық-зомбылық көрсеткен.

Зәбір көрген қарттың бірінің жасы – 84-те. Пансионат қызметкерлерлі оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.

“Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды”, – деп мәлімдеді ведомство.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow