Перизат Қайрат пен оның анасының жарыссөзі жабық өтеді

Шілде 24, 2025 - 17:37
Перизат Қайрат пен оның анасының жарыссөзі жабық өтеді
Коллаж: inform.kz

Судья Санжар Каримов айыпталушы Перизат қайраттың өзі жарыссөзге жабық сот отырысында қатысатынын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Астанадағы Перизат Қайрат ісіндегі жарыссөзде жәбірленушілер сөз сөйлеп болған. Еске салайық, "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қорынан қаражат жымқыру ісіне қатысты 12 жәбірленушіге сөз кезегі берілді. 

"Барлық жәбірленуші сөйледі. Сот процесіне қатысушылар, оның арасында айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының жарыссөздегі сөз сөйлеуі енді жабық отырыста жалғасады", – деді судья Санжар Каримов.

Бұл журналистер мен қоғам үшін сот процесінің ендігі бөлігі қолжетімсіз дегенді білдіреді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow