Петропавлда 12 жастағы мектеп оқушысын көлік қағып, қаза тапты
Петропавлда 12 жастағы мектеп оқушысы Porsche Cayenne көлігінің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қайғылы оқиға 25 мамыр күні кешкі сағат 20:16 шамасында Подгора ауданындағы Потанин көшесінде болған.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, Porsche Cayenne автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан қыз бала оқиға орнында көз жұмды.
Жас жігіттің қаладағы ЖШС-нің бірінде жұмыс істейтіні белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, автокөлік оның туысына тиесілі.
«Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, жолда мұқият болуға және жол қозғалысы қағидаларының талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады», – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жергілікті тұрғындар бұл Потанин көшесіндегі осы учаскенің бұрыннан қауіпті деп саналатынын айтады. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ол жерде бұған дейін де ірі жол апаттары болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0