Петропавлда 40 жастағы әйел саңырауқұлақтан уланып, жансақтау бөліміне түсті
Петропавлда 40 жастағы әйел улы саңырауқұлақ жегеннен кейін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Дәрігерлер оған жедел улану диагнозын қойып, жансақтау бөліміне жатқызған. Әйел ауруханаға түсер алдында шыбынжұт – «мухомор» қолданғанын айтқан. Сонымен қатар, тексеру барысында оның бойынан бірқатар қосымша ауру мен тәуелділік белгілері анықталған.
Төрт күн бойы қарқынды терапия жүргізілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарған. Ол терапия бөліміне ауыстырылып, кейін толықтай айығып, ауруханадан шығарылған.
Мамандар улы саңырауқұлақтар мен басқа да психобелсенді заттарды сананы өзгерту мақсатында қолдану өмірге қауіп төндіретінін ескертті. Ауыр улану кезінде құрысу, тыныс алудың қиындауы және жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуы мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0