«Пышақпен қорқытқан»: Алматы әуежайында белгісіз біреу қызметкерді кепілге алды
Деструктивті адам жолаушы атын жамылып, рейс алдындағы тексеру аймағына кіріп кеткен.

Әлеуметтік желіде қолына пышақ ұстаған ер адамның жерде отырған қызды шашынан ұстап, қорқытып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Кадрлардан видео әуежайда түсірілген деп топшылауға болады.
"Полицейлер күдіктіні ұстады. Куәгерлер полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет еткенін жазып жатыр", - делінген видео сипаттамасында.
Әуежайдың баспасөз қызметі ақпаратты растады. Оқиға бүгін, 7 наурызда ұшу алдындағы тексеру аймағында болған.
"Жергілікті уақыт бойынша шамамен 11:45-те ішкі рейстерге арналған терминалдың ұшу алдындағы тексеру аймағына өзін жолаушы ретінде таныстырған ер адам келді. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған, ол бұған жауап ретінде тексеру қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған. 7 минуттан кейін ер адамды әуежай аумағындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта ер адам желілік полиция бөлімінде және бұл оқиғамен қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр", - деп хабардар етті әуежайдың баспасөз қызметіндегілер.
Сіздің реакцияңыз қандай?






