«Полиция бөлімшесіне шақырды»: Ақын Танагөз Толқынқызы қазіргі жағдайынан хабардар етті

Наурыз 31, 2026 - 12:45
chat_bubble  0 visibility  4
«Полиция бөлімшесіне шақырды»: Ақын Танагөз Толқынқызы қазіргі жағдайынан хабардар етті
Фото: әлеуметтік желі

Ақын Танагөз Толқынқызы өзіне қатысты жағдай жөнінде әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның сөзінше, Астана қаласы Сарайшық ауданының полиция қызметкерлері хабарласып, 7 наурыз күні Facebook желісінде жариялаған “Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды” деген жазбасына байланысты eGov арқылы шағым түскенін жеткізген.

“Менің үстімнен 7 наурыз күні фейсбук парақшамда жарияланған “Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды” деген постыма егов арқылы бір адамнан шағым түскенін мәлімдеді. Мені 31 наурыз күні таңғы сағат онда Сарайшық ауданы полиция бөлімшесіне келуімді сұрады. Мен полицияға адвокатсыз бара алмаймын. Оны өздеріңіз де іштеріңізден біліп, түсініп отырсыздар”, – деді Танагөз Толқынқызы.

Сонымен қатар ол 2022 жылдан бері телеарналарда қызмет етпейтінін, ал жеке кәсіпкерлік жұмысын (ИП) табыс болмағандықтан уақытша тоқтатуға мәжбүр болғанын айтты.

“Жалпы мен халықтан ақша жинауға қарсы адаммын. Өйткені халықтың жағдайы дәл өзімдікі сияқты қиын жағдайда екенін білемін. Кредит төлеп, қалт-құлт етіп өмір сүріп жатқан елден ақша жинау адамдардың жүйкесіне тиеді. Сондықтан ойлана келе адвокаттың шығындары мен еңбекақысын төлеуге өзімнің кітаптарымды сатуға шығармақпын. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ! Бұл – дала заңы. Қазақстан ешкім өз ойын айта алмайтын үлкен түрмеге айналмауы керек. Егер сіздің жүрегіңіз мені қорғау керек деп шешсе, онда менің кітабымды сатып алып, маған қаржылай демеу беріңіз! Кітап бағасы 8000 теңге. Бірақ әркімнің жағдайы әр түрлі. Біреу 100 теңге, біреу 200 теңге бере алуы мүмкін. Өзіңіз бере алған ақшаға кітабымды қолтаңбамен беремін”, – деді ақын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0