«Полиция заңсыз қамауға алды»: Белгілі продюсер түсірілім кезінде қиындыққа тап болғанын айтып жылады (ВИДЕО)

Қазан 22, 2025 - 12:44
Қазан 22, 2025 - 12:58
«Полиция заңсыз қамауға алды»: Белгілі продюсер түсірілім кезінде қиындыққа тап болғанын айтып жылады (ВИДЕО)
Фото: Instagram/oisaule

Продюсер Айсәуле Әбілда Алматы полициясының әрекетіне наразы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Медиамаман оқиғаның жай-жапсарын әлеуметтік желідегі парақшасында баяндады. Оның айтуынша, 5 қазанда Алматыда түсірілім жұмыстары өткен.

"Cахнаның сценарийдегі уақыты - 2004 жыл. 3 көлікке сол жылдардағы нөмірді салып, әл-Фараби-Достық көшелерінің қиылысында бұрылып бара жатқан жерінен көліктерді полиция тоқтатады. Кино түсіруге рұқсатымызды сұрап, біз Алматы қалалық Полиция департаментінен алған назарға алынды деген шаблонды жауабы бар хатымызды көрсетеміз. Алматы қалалық мәдениет басқармасынан алған рұқсатымыз да бар", – дейді Айсәуле Әбілда. 

Алайда соның бәрін қарап, біле тұра полицейлер хаттама толтырған. 

"Сондағы уәждері бұл Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-пунктіне сәйкес деген заңды бұзып тұр екенбіз. Алайда бұл жалған нөмірді ешкім қасақана тақпағанын, 60 адам ыстық пен суықта күн-түн демей кино түсіріп жүргенімізді, ол үшін мемлекеттік органдарды ескерткенімізді есепке де алған жоқ", - деп ашынды ол.

Продюсердің сөзінше, сол күні көлік айдап, табыс тауып жүрген жігіттерді полиция бір тәулікке қамаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айсәуле Әбілда (@oisaule)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow