Польшада ұсталған «тыңшы қазақ»: Қорғаныс министрлігі мәләмдеме жасады

Тамыз 13, 2025 - 17:47
chat_bubble  0 visibility  80
Польшада ұсталған «тыңшы қазақ»: Қорғаныс министрлігі мәләмдеме жасады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери атташенің қызметкері ұсталғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Ведомство осыған қатысты арнайы хабарлама таратты.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растайды.

Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0