Президент бірқатар маңызы бар заңдарға қол қойды
Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бекітті.
Бұдан бөлек, Президент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Қабылданған заңдар арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге, кедендік транзит саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан мен Оман арасындағы салық салу саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0