Президент елімізде оқып жүрген шетелдік жастармен кездесті

Қазақстанда 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жатыр

Қазан 31, 2025 - 16:21
 0  17
Президент елімізде оқып жүрген шетелдік жастармен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы елімізде білім алып жатқан шетелдік студенттермен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Ақорда.

Бүгінде елімізде 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жүр. Мемлекет басшысы алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті айтарлықтай арттыру қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, 2029 жылға қарай шетелдік студенттер саны 100 мыңға жетуі тиіс.

Айта кетейік, бүгін президент «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысып, сөз сөйлеген.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0