Президент Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады

Шілде 28, 2026 - 12:08
chat_bubble  0 visibility  4
Президент Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

 Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

 Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

 Мемлекет басшысы Корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0