Президент Жолдауы қашан болатыны белгілі болды

Қыркүйек 11, 2026 - 15:39
 0  33
Президент Жолдауы қашан болатыны белгілі болды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Президенттің айтуынша, Жолдауда Қазақстанның алдағы даму бағыттары мен негізгі жоспарлары айқындалады.

«Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұған дейін елде Құрылтай сайлауы өткенін атап өтті. Оның сөзінше, жаңа құрамға кәсіби, іскер және жаңашыл азаматтар кірген, олардың арасында жастар да бар.

Сондай-ақ елімізде вице-президент тағайындалып, жаңартылған Үкімет жұмысын бастады. Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жасақталып, алдағы уақытта Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0