Путин мен Зеленский алдағы күндері кездеседі – Ақүй

Тамыз 20, 2025 - 10:32
Путин мен Зеленский алдағы күндері кездеседі – Ақүй
Коллаж: 24 Канал (Фото Getty Images, иллюстрация)

Ресей президенті Владимир Путиннің кеше АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу кезінде Владимир Зеленскиймен алдағы күндері кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан, деп хабарлайды sadaq.kz.

NBC News басылымының мәліметінше, бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт 19 тамызкүні Ақүйдегі брифингте айтты.

“Путин кеше онымен тікелей сөйлесті, ал АҚШ президенті бұл туралы БАҚ-қа арналған мәлімдемесінде атап өтті. Себебі әңгімеден кейін сұрақтар туындайтынын түсінді. Бұл ашықтық үшін жасалды”, – деп түсіндірді Левитт.

Бір журналисттің сөзінше, Кремль әзірге Путин мен Зеленскийдің кездесуіне нақты келісім бермеген.

“Нық сеніммен айта аламын, АҚШ үкіметі мен Трамп әкімшілігі бұл екіжақты кездесу өтуі үшін Ресеймен және Украинамен жұмыс істеп жатыр”, – деді Каролин Левитт.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow