Путин Стамбулдағы келіссөзге бармайтын болды

Бүгін Түркияның Стамбул қаласында Украина мен Ресей арасындағы кезекті келіссөздер басталады. Мұндай бастаманы Ресей басшысы Владимир Путин ұсынған болатын. Алайда, сол маңызды шараға Кремль басшысы қатыспайтын болып шықты, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Ыстамбұлдағы келіссөзіне Ресей атынан Путиннің көмекшісі Владимир Мединский бастаған делегация бармақ. Бір қызығы Кремль ұсынған тізімде үкімет мүшелерінен ешкім жоқ. Тіпен Сыртқы істерге жауапты Сергей Лавров пен қорғанысқа жауапты (Қорғаныс министрі) Андрей Белоусов та жоқ.
Ыстамбұлдағы жиынға АҚШ президенті Трамп қатысуы тиіс болған. Путиннің келмейтінін естіп ол да келуден бас тартқан. АҚШ атынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио келе жатыр.
Аталмыш жиын Ресей мен Украина арасындағы АҚШ-тың қатысуымен өтетін шешуші келіссөздердің бірі болмақ.
11 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамптың «бейбітшілік орнату мүмкіндігін анықтау үшін тікелей келіссөздер жүргізу қажет» деген мәлімдемесінен Украина президенті Владимир Зеленский Путинмен Түркияда «жеке» кездесуге дайын екенін хабарлаған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






