Путинмен кездескен Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Шавкат Мирзеев пен Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлескенін мәлім етті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Өзбекстан президенті кеңсесінің мәліметінше, бүгін Шавкат Мирзиеев пен Нұрсұлтан Назарбаев екеуі телефон арқылы тілдескен.
"Әңгіме барысында олар бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, бейбітшілік, тұрақтылық және екі ел халқына жақсылық тіледі. Сонымен бірге көршілес Өзбекстан мен Қазақстанның достығы, татулығы, стратегиялық серіктестуігі мен ынтымақтастығы атап өтіліп, ең басты салалар бойынша өзара көпжоспарлы серіктестігінің дамуы сөз болды", - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0