Қазақ боксының тізгіні қайтадан Тұрсынғали Еділовке табысталды

Тұрсынғали Еділов 1997-2001 жылдар аралығында еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері болды.

Тамыз 14, 2024 - 20:53
Тамыз 14, 2024 - 20:54
Қазақ боксының тізгіні қайтадан Тұрсынғали Еділовке табысталды

Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді, деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясы.

Кеңесте Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттету туралы Қазақстан бокс федерациясының шешімін Дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитет мақұлдаған. 

Қабылданған шешімге сәйкес, Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман ресми түрде босатылған.

Сондай-ақ ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен алынған.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 

"Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады", - делінген хабарламада. 

Тұрсынғали Еділов 1997-2001 жылдар аралығында еліміздің ұлттық құрамасының тізгінін ұстады. Сидней Олимпиадасында мерейімізді үстем еткен Ермахан Ыбырайымов, Мұхтархан Ділдәбеков, Бекзат Саттарханов, Болат Жұмаділов секілді есімдердің жарқырай көрінуіне осы бапкердің еңбегі зор болғанын атап өткен жөн. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow