Референдумның алдын ала қорытынды нәтижесі жарияланды

Наурыз 16, 2026 - 12:36
app_badging Наурыз 16, 2026 - 12:37
chat_bubble  0 visibility  1
Референдумның алдын ала қорытынды нәтижесі жарияланды
Фото: Ашық дереккөз

Орталық референдум комиссиясы Конституцияны өзгертуге қатысты өткен референдумның алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Дауыс берушілердің 87,15% жаңа Конституцияны қолдаған.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, дауыс берушілердің 87,15% жаңа Конституцияны қолдаған.  Ал 898 099 адам “Жоқ, қабылдамаймын” деп дауыс берген.


Референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 миллион 482 мың 613 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 9 миллион 127 мың 192 адамды немесе 73,12 % болды.

Референдумда Конституцияны қолдап, дауыс берген азаматтардың саны 7 миллион 954 мың 667 адам немесе 87,15 % болды.
Берілген дауыс санын есептеу кезінде 146 558 дана жарамсыз бюллетень анықталған. Ал жарамды, бірақ есепке алынбаған бюллетеньдер саны – 127 868 дана.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0