Ресей ұшақтары Тоқаевтың бортымен Мәскеу әуежайына дейін ұшып барды

Қараша 11, 2025 - 15:41
chat_bubble  0 visibility  22
Ресей ұшақтары Тоқаевтың бортымен Мәскеу әуежайына дейін ұшып барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен бара жатыр. 

Президентінің бортымен қатар РФ Қорғаныс министрлігінің ұшақтары қапталдасып ұшты, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты", - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен болады. Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0