Ресейде Airbus ұшақтарының жартысы жөндеу қиындықтарына байланысты ұшуды тоқтатты

Қараша 21, 2024 - 15:41
Ресейде Airbus ұшақтарының жартысы жөндеу қиындықтарына байланысты ұшуды тоқтатты
ato.ru

Ресейлік әуе компаниялар елде бар Airbus A320/А321neo ұшақтарының жартысын пайдалануды тоқтатты. Санкцияның салдарынан тасымалдаушылар ұшақ қозғалтқыштарын жөндеуде қиындыққа ұшыраған. Бұл жөнінде "Коммерсант" басылымы жазды.

Ресейдегі әуе компаниялары 34 Airbus ұшағынан бас тартқан, ал елде олардың жалпы саны – 66. Лайнерлердің бір бөлігі ресурсты үнемдеу мақсатында сұраныс көбейетін маусымға дейін резервке шығарылған, ал 15-20 борт ұша алмайды деп жазды басылым.

Газеттің мәліметінше, қазіргі заманғы америкалық және француз қозғалтқыштарын Ресейде жөндеу мүмкін емес, ал санкцияға байланысты жаңаларын әкелу мүмкін болмай отыр.

Ең күрделі жағдай – S7 әуе компаниясында қалыптасып отыр. Компания 3-9 жыл болған 39 ұшақтың 31-інен уақытша бас тартқан, олар сұраныс жоғары болатын маусымға дейін авиапаркте болады. Дегенмен 20-сы қазірдің өзінде істен шыққан. "Аэрофлотта" осындай тоғыз ұшақтың екеуі жөнделіп жатыр. "Уральские авиалиний" әуе компаниясының 11 ұшағының біреуі авиапаркте тұр.

Ресейдегі шетел ұшақтарының 10 пайызын осы Airbus A320/А321neo ұшақтары құрайды. Егер жөнделмесе, олар 2026 жылдан бастап жарамсыз бола бастайды.

Азаттық радиосы 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow