Ресейде танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров ұсталды

Мамыр 19, 2025 - 21:11
Ресейде танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров ұсталды
Фото: vk.com/Нурлан Сабуров

Бірқатар ресейлік БАҚ және ірі Telegram-арналар Мәскеуде белгілі әзілкеш Нұрлан Сабуров ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Жарияланған мәліметтерге қарағанда ол миграция заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған.

Сабуровтың ұсталғаны туралы "Известия" газетіне дереккөз хабарлаған. Одан бөлек ірі 112 деп аталатын Telegram-арнасы да дереккөз ақпаратына сүйене отырып, стендапшыы Мәскеу түбіндегі миграциялық бөлімшеде адвокатын күтіп отырғанын жазған. Сабуровтың заң бұзғанын Lenta.ru басылымы да растап отыр. Жарияланымда әзілкеш көші-қон заңнамасын бұзып, ұсталғаны жазылған.

"Отандық стендап жұлдызы елде жүру ережелерін бұзғаны үшін Шереметьево әуежайында ұстаған", - делінген жарияланымда.

Ал SHOT Telegram-арнасында бұл заңбұзушылық үшін Сабуровты Қазақстанға депортациялауы мүмкін екені жазылған. Кейіннен ол "5000 рубль көлемінде айыппұл төлеп құтылғаны" хабарланды (шамамен 25 мың теңге).

"Оған белгіленген мерзімге Ресейден кетіп, артынша тиісті түрде қайта кіруге тура келеді. Мұндай заңбұзушылық үшін әзілкеш елге 5 жылға дейінгі мерзімге кіре алмауы мүмкін еді, біраұ бұл жолы құтылды", - делінген жарияланымда.

Бірақ қазіргі таңда Сабуров та, құқық қорғау органдары да ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow