Ресейдегі оқу-жаттығуға Қазақстаннан әскери техника жөнелтіледі

Қыркүйек 21, 2026 - 15:37
chat_bubble  0 visibility  8
Ресейдегі оқу-жаттығуға Қазақстаннан әскери техника жөнелтіледі
фото: sputnik.kz

Ресейде өтетін әскери оқу-жаттығуларға Қазақстаннан әскери техника жөнелтіледі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды дүрбелең туғызбауға және тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) үш оқу-жаттығуы –"Өзара іс-қимыл – 2026", "Іздеу – 2026" және "Эшелон – 2026" өтеді.

"Оқу-жаттығуларға дайындық және оларды өткізу кезеңінде, яғни 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында, Қазақстаннан Ресейдің Мисящ станциясына және кері қарай теміржол арқылы әскери техника мен жеке құрам жөнелтіледі", - деп хабарлады министрлік.

Оқу-жаттығулар барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында саптық дайындық, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау жұмыстары пысықталады. Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлығы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі.

"Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерге сүйенуді сұраймыз", - деді Қорғаныс министрлігі.

Айта кетері, "Өзара іс-қимыл – 2026", "Іздеу – 2026" және "Эшелон – 2026" оқу-жаттығулары ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен тұрақты түрде өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0