«Рота басшысы»: желіде сарбаздарды балағаттап, тепкілеп жатқан әскери қызметкердің ВИДЕОСЫ тарады

Желіде сарбаздарды қатарластыра қойып аямай ұрып жатқан рота басшысының бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Әскери қызметкер сарбаздарды ұрып, қорлағанымен қоймай, небір былапыт сөздерді қоса айтады.
Аталған видео желіде қызу пікірталас тудырып, халықтың әскерге деген қорқынышын одан сайын үдетті.
«Мынаны көріп отырған Қорғаныс министрі қайда?», «Аяғың сынып қарыс қадам жүре алмай қалғыр.Соттау керек мынандай хайуанды.Министр не қарап отыр?», «Осы сөзі айтады әскерде қай өңір болсын дұрыс емес қойдыру керек боқ ауыз сөзді», «Осы ғой біздің армияның түрі осы… Әйтпесе сау барған бала өзін өзі өлтірмейді. Қорғаныс министрі ештене білмейді дегенге сену қиын, білсе де үндемейді. Әскерге ешкім балдарын жібермеу керек, мынандай ешактар тұрғанда ел қайтып оңады, оңбаймыз ау.. Ұстап өмір бойы соттау керек мына боқ қарын батыр сымақты…», - деп жазды көпшілік.
Сіздің реакцияңыз қандай?






