Руслан Берденовтің ісі бойынша сот басталды

28 шілдеде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасау ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Жәбірленуші денсаулығына байланысты сотқа келмеді. Бұл уақытта айыпталушы Ернар Жиембай тергеу кезінде өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеді. Алайда оның қорғаушысы әрі әкесі бұл сөзді жоққа шығарды.
Руслан Берденовің адвокаты істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады. Оның айтуынша, Ернарға қоғамдық орында жасалған кісі өлтіруге оқталу бойынша айып тағылып отырғандықтан, қылмыстық іске бұзақылық бабы да қосылуы тиіс.
Алайда прокурорлар мен Ернардың адвокаттары бұл өтінішті негізсіз деп санады. Судья да оны қанағаттандырудан бас тартты.
Сіздің реакцияңыз қандай?






