Саакашвили Зеленскийден өзін Украинаға қайтаруды сұрады

Қараша 14, 2025 - 10:42
Қараша 14, 2025 - 10:42
Саакашвили Зеленскийден өзін Украинаға қайтаруды сұрады
© AP Photo / Irakli Gedenidze

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Владимир Зеленскийге ашық хат жолдап, өзін Украинаға қайтаруды сұрады, деп хабарлады sadaq.kz.

  Саясаткер өзінің хатында Украина азаматы екенін еске түсіріп, "Грузиядағы ресейшіл режим" заңсыз ұстаған азаматтық әскери тұтқын ретінде тануды сұраған.

"Мені осы соғыстың азаматтық тұтқындарының тізіміне қосыңызшы... Мен украиналықтар өздерін тастамайтынын білемін және мен сізге сенемін, - деп жазды Саакашвили өзінің Facebook парақшасында.

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили бүгінде бірнеше қылмыстық айыппен жазасын өтеп жатыр. 

12 қарашада Саакашвили "Вивамед" клиникасынан Рустави түрмесіне ауыстырылды, онда ол жазасын өтеуді жалғастырады. Дәрігерлер оның жағдайы қанағаттанарлық екенін және одан әрі стационарлық емдеуді қажет етпейтінін мәлімдегенін жазғанбыз.

Айта кетейік, Михаил Саакашвили 2004 жылдан 2013 жылға дейін Грузия президенті қызметін атқарды, содан кейін Украина азаматтығын алды және Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды. Ол Грузияға оралғаннан кейін 2021 жылдың 1 қазанында тұтқындалып, бірнеше айып бойынша 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow