«Сәбиіммен бірге мұзға тайып құладым»: Гүлзира Айдарбекованың келіні ауруханаға түсті

Желтоқсан 24, 2025 - 21:01
Желтоқсан 24, 2025 - 21:02
 0  4
«Сәбиіммен бірге мұзға тайып құладым»: Гүлзира Айдарбекованың келіні ауруханаға түсті
Фото: ғаламтордан

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың келіні Индира Мәуленова денсаулығына байланысты қиын жағдайға тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды politico.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, үш айлық сәбиімен бірге шұғыл түрде ауруханаға түскенін айтты. Оқиға қар жауған күні болған.

Индираның сөзінше, ол сол күні баласын педиатрға тексеруге апарған.

«Қар жауған күні баламды педиатрға тексеруге апарған едім. Сол кезде аяғым тайып кетіп, мұзға құлап қалдым. Құдай сақтап, балама ештеңе болған жоқ. Ал мен беліммен құлап, жарықшақ алдым. Баламмен бірге үш күн ауруханада жатуға тура келді», деп жазды ол.

Жас ана ауруханада жатқан уақытта жанында көмекшісі болғанын, ал қазір жағдайы бірқалыпты екенін айтты.

«Қазір бәрі жақсы. Заңғар қолдау көрсетіп, барлық шаруаны өзі атқарып жүр. Ал маған бір ай бойы төсек режимі тағайындалды. Отыруға болмайды, тек жатып немесе түрегеп тамақтануым керек. Алты апта бойы корсет кию қажет. Сондай-ақ үш килодан ауыр зат көтеруге тыйым салынды» деді Индира Мәуленова.

Ол осы жағдайдан кейін өз денсаулығына аса мұқият болуға тырысатынын және қолдау білдірген жандарға алғыс айтқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0