«Сахнаның ешқандай киесі жоқ»: Бекболат Тілеухан күтпеген мәлімдеме жасады
Белгілі термеші, бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Сұхбат барысында Бекболат Тілеухан сахнаны киелі орын деп қабылдамайтынын айтты.
“Сахна киелі дейді. Ешқандай киесі жоқ. Мінбердің киесі болуы мүмкін. Сахна дегеніміз еден мен микрофон. Онда мен отырған жер де сахна. Оны кие-пие деп, өзін қатардағы адам көргісі келмей айтатын мақтаншақ адамдардың сөзі болып көрінеді маған”, – деді ол.
Бұл пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көпшілік өнер иесінің сөзімен келіспейтініндерін жазды.
"Сахнадан кеткен соң айтып отыр ғой", "Термеші болып жүргенде сахнаның киесі бар деп талай айтқан шығар", “Қанша халықтың назары бар, сол үшін киелі”, “Өзің сол сахнаның киесімен көтерілген жоқ па едің”, “Осы Бекболатты сахнаның киесі атқан, сірә”, “Сол сахнаның киесі ұрып, өзі сахнаға шыға алмай қалды ғой”, – деді көпшілік.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0