Сарыағашта 35 жастағы жігіт қарияны балтамен ұрып өлтірді

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында ауыр қылмыс болды.
39 жастағы шетелдік азамат тұрмыстық жанжалдан кейін 75 жастағы қарияға балтамен шабуыл жасаған.
Соққы жасауға зейнеткердің су беруден бас тартуы түрткі болған. Ер адам қарияны балтамен ұрып өлтіріп алғаннан кейін полицияға өзі хабарласқан.
Сот-медициналық сараптама оның ақыл-есі дұрыс емес екенін анықтап, бас бостандығынан айырудың орнына мамандандырылған психиатриялық клиникаға емделуге жіберді.
Алайда жәбірленушінің туыстары сот шешімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Жақын арада іс қайта қаралады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






