«Сарқылмас сағынышым»: Нұрлан Өнербаев анасын қимастықпен еске алды

Маусым 23, 2026 - 20:49
chat_bubble  0 visibility  0
«Сарқылмас сағынышым»: Нұрлан Өнербаев анасын қимастықпен еске алды
Коллаж: Sadaq.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Нұрлан Өнербаев жақында өмірден өткен анасын еске алып, жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әнші бүгінгі технологияның арқасында жақын жандардың бейнесі мен естеліктерін сақтап қалуға мүмкіндік бар екенін айтып, анасы мен әкесінің жарқын жүзін оқырмандарымен бөлісуді жөн көргенін жазды.

«Қайғы бөліссе азаяды» деген сөздің мәнін осындай сәтте терең түсінеді екенсің. Көңіл айтып, жұбату сөздерін жолдаған ағайын-туыс, дос-жаран мен әлеуметтік желідегі оқырмандардың шынайы тілектері жанға жеңілдік сыйлайды. Баршаңызға ақ ниетпен қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымды айтамын», – деп жазды Нұрлан Өнербаев.

Сондай-ақ әнші анасына деген сағынышын жеткізіп, перзенттік парызын толық өтей алды ма деген ойдың мазалайтынын жасырмады.

«Түн ұйқыңды бөліп, ақ бесігімнің қасында отырып әлдилеген анашым, перзенттік парызымды өтей алдым ба, білмеймін. Енді бар дұғаммен, жүрегімдегі сарқылмас сағынышыммен ғана алдыңдағы борышымды өтеуге тырысамын. Жалғандағы жарығым, аналық ақ тілегіңмен тірек болған қорғаным едің. Енді кімге сенім артып, кімнен қорған тілермін?» – деп тебіренді әнші.

Желі қолданушылары Нұрлан Өнербаевтың отбасына қайғырып көңіл айтып, жылы сөздерін арнады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0