Сәтбаевта үш жасар бала көз жұмды
Соңғы екі аптада Ұлытау облысында осындай үш жағдай тіркелген. Қалған екі оқиғада балалар зардап шеккен, деп хабарлайды sadaq.kz.
"Сәтбаев қаласы аумағында жазғы маусым басталғалы бері екі жағдай тіркелді. Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды, ал екіншісі медициналық мекемеде ем алып жатыр", – деді Сәтбаев қаласы төтенше жағдайлар қызметінің аға инженері Анель Қадырғали.
Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы жағдайлар көбіне балалар ересектердің қарауынсыз қалған кезде болады. Қазақстандықтарға москит торларының ерекше қауіп төндіретіні тағы да ескертілді.
Дәрігерлердің сөзінше, биіктіктен құлаған балалар көбіне ауыр бас-ми жарақатын алып, ішкі ағзалары зақымданады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0