«Сенімен алысатын уақытым жоқ»: Нұрболхан Шарапов танымал продюсермен дауласып қалды
Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен “Қара алтын” фильмінің продюсері Айсәуле Әбілдә желіде дауласып қалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Продюсер бұған дейін әлеуметтік желідегі жазбасында фильмдерге қатысты сын-пікірлер мен салыстыруларға байланысты ойын білдірген. Ол әзілкештің сөзін сынға алып, Нұрболхан Шараповты ойын ашық айтуға шақырды.
«Нұрболхансыз күніміз қалай болар екен енді. Бықсытып не айта алмай жүрсіз өзі, Н мырза? Азаматсыз ғой, ашып айтсаңызшы міңгірлей бермей. Жұрт киноларды салыстырса – ол біздің маркетинг екен, бір көрермен назын айтса – тағы біздің манипуляция. Осы 10 күн бойы шулап жатқан елдің бәрі менің жеке танысым шығар мүмкін? Әлия Бөпежанова, Айгүл Ісмақова бастаған жүздеген өнер-ғылым өкілдерінің жоғары бағасын ақша беріп сатып алған шығармыз», – деді продюсер.
Оның бұл жазбасына Нұрболхан Шарапов көп күттірмей жауап берді. Әзілкеш продюсермен дауласып, уақыт жоғалтқысы келмейтінін жеткізді.
«Әпше, қойшы, өзім соғыстан кеше келдім. Енді сенімен алысатын уақыт жоқ. Менсіз жасай бер маркетингті. Кино түсірдім деп шетімізден аузын ашқанның бәрін қырып бара жатсыз ғой. Бармаған халықты кінәләп бәрін «ЧМО» дегенге қосылып отырсаңыз онда ниетіңізге қарай касса бұйырса. Сәттiлiк”, – деді әзілкеш.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0