«Сенің орныңды кім толтырады?»: Каспийде қаза тапқан сарбаздың сыңары бауырын жоқтады
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаз Мирас Тұрдыбекұлының сыңары әлеуметтік желідегі парақшасында бауырына арнап жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бауырының қазасына қайғырған Диас Тұрдыбекұлы сағынышын өлең жолдарымен жеткізді.
«Сені Мирас әлі мен егіз деймін,Келер әлі Мирас деп сені іздеймін.
Күллі жұртқа сені мақтап мен әлі,
Жаман ана тапқан ұл дегізбеймін.
Бауырым, сенің орның бір бөлек еді. Сенің орныңды кім толтырады? Қолдан келер шара бар ма? Тек сені еске алумен өтем. Уайымдама, әкем мен анама өзім бас-көз боламын. Мені сағынсаң, осымен сағынышыңды басарсың деп, ертең өз бір киімімді өзіңмен бірге жерлеймін. Тек осылай бір-біріміздің сағынышымызды басайық, егізім-ау. Қолдан келер шара бар ма, бауырым-ау. Менің де қолымнан түк келмеді, іздедім, таба алмадым. «Диас, мен мындамын» деп белгі бердің ғой әр жерден. Егізім-ау, жаның жәннатта болғай», – деп жоқтады бауыры.
Желі қолданушылары қабырғасы қайысқан бауырына көңіл айтып, марқұмның туған-туыстарына сабыр тіледі.
Айта кетейік, Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға салдарынан 14 әскери қызметшінің қаза тапқаны ресми түрде хабарланған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0