Шерзат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты

Шілде 25, 2025 - 09:31
Шерзат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты
фото: әлеуметтік желіден

Заңгер Мейірман Шекеев Шерзат ісі бойынша сотталушы Думан Ысқақ бостандыққа шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша, Шерзат ісі бойынша апелляциялық сот 18 тамызда сағат 11:00-де Алматы облысы сотының ғимаратында өтеді. 

"Сонымен қатар, Думан Ысқақ бірінші сатыдағы үкімдегі жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, қамаудан босатылды", – дейді Шекеев. 

Айта кетейіек, кәмелеттік жасқа толмаған Думан Ысқақ қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) 1,5 жылға сотталған болатын. 

Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелеп бостандыққа шықты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow