Шерзат ісі: Сот 8 сотталушының үкімін өзгеріссіз қалдырды

Тамыз 19, 2025 - 10:40
Шерзат ісі: Сот 8 сотталушының үкімін өзгеріссіз қалдырды
Коллаж: dalanews.kz

Бүгін апелляциялық алқа Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты 8 сотталушының шағымы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Кеше 18 тамызда Шерзат ісі бойынша апелляциялық шағым қарала бастады.

Атышулы істегі барлық сегіз сотталушы өтініш беріп, олар өздерін ақтауды немесе ішінара ақтауды сұрады.

Сот офлайн режимде өтті. Алайда, процесті түсіруге тыйым салынды. 

Тараптарды тыңдағаннан кейін апелляциялық алқа бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, 5 маусымда Талдықорған сотында 9 айыпталушыға үкім шығарылды. Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға сотталды.

Өзге айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow