«Шерзаттың әкесі 10 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін» – журналист
Отандық тележүргізуші, журналист Руслан Есмағамбетов марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың ісіне қатысты тың дерек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Алматы облысы полиция департаментінің айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай 10 миллионнан 25 миллионға дейін айыппұл төлеуі мүмкін немесе 3 жылдан 7 жылға дейін (шартты түрде) бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деп жазды журналист желідегі парақшасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?