«Шығыс» өңірлік әскерінің бұрынғы қолбасшысы қамауға алынды

Антикор отставкадағы генерал-майорға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың мәліметінше, қылмыстық іс "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, отставкадағы генерал-майорға қатысты болып отыр.
Ол жоғары лауазымды әскери тұлға ретіндегі беделін қолданып, жергілікті кәсіпкерден аса ірі көлемде пара алған. Қылмыс Қазақстан аумағында әлеуметтік жобаларға инвестиция салудан жоғары табыс табуға болады деген сылтаумен, министрліктер мен шетелдік серіктестердің ықпалды өкілдерінің қолдауымен жүзеге асады деген желеумен жасалған. Күдіктінің басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр, – дейді Антикор өкілі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






