Шымкентте 4 адамды алдап кеткен алаяқ Антальяда ұсталды
Түркиядан Қазақстанға 100 миллион теңгеге жуық қаржыға алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды. Оны елге жеткізу операциясын Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асырды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2019-2020 жылдары Шымкент қаласының төрт тұрғынын алдап, олардың ақшасы мен жер телімдерін иемденіп кеткен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 95 миллион теңгеге жуықтайды.
«Азаматтардың мүлкін иемденіп алған соң, ол заңды жауапкершіліктен жалтару үшін елден бой тасалаған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған болатын», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Кейін күдікті Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы негізінде Отанына қайтарылды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамауға алынды.
Оған тағылған айыптар бойынша Қылмыстық кодексте мүлкін тәркілеумен қатар, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0