Шымкентте тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытып, қол көтерген

Қаңтар 28, 2026 - 10:17
Қаңтар 28, 2026 - 11:07
 0  2
Шымкентте тәрбиеші балаларды шприцпен қорқытып, қол көтерген
Фото: Видеодан скрин

Шымкенттегі мемлекеттік     балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды шприцпен қорқытып, қол көтергені қоғамда дау туғызды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Оқиға қаланың Тұран ауданында орналасқан №59 «Айша» мемлекеттік бөбекжай-балабақшасында болған. Тәрбиешінің заңсыз әрекетінен кейін ата-аналар шағымданып, іске қалалық білім басқармасы мен құқық қорғау органдары араласқан.

Ресми мәлімет бойынша, балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсеткен тәрбиешіге қатысты тергеу амалдары басталды.

«Балабақшаның „Бәйтерек“ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Р.М.-ның балаларға психологиялық және физикалық қысым көрсеткені, атап айтқанда шприцпен қорқытып, қол көтергені туралы мәлімет келіп түсті. Осыған байланысты құқық қорғау органдары, салалық басқармалар, ата-аналар мен балабақша қызметкерлерінің қатысуымен шұғыл жиналыс өтті. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деді Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Күлзина Уәлиханова.

Басқарма өкілі тергеу аяқталған соң істің барлық мән-жайы анықталып, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0