Шымкентте учаскелік полиция инспекторына қатысты ауыр айып тағылды
Threads әлеуметтік желісінде Шымкент қаласының тұрғыны бала күнінде зорлық-зомбылық көргенін айтып, белгілі бір полиция қызметкерін ашық айыптады, деп хабарлайды Sadaq.kz тілшісі.
Желі қолданушысы thejvdidltv есімді азаматша өзінің парақшасында мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ол бала кезінде қазіргі таңда құқық қорғау органында жұмыс істейтін тұлғадан жәбір көрген.
Жазба авторы өзге балалардың қауіпсіздігі үшін күдікті деп санаған адамның аты-жөні мен жұмыс орнын көрсеткен: Асылбеков Бауржан; Учаскелік полиция инспекторы; Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, 11-шағын аудан, №5 тірек пункті.
«Халық өз "батырын" білуі тиіс. Мен бала күнімдегі зорлық-зомбылықтың құрбанымын. Мен сияқты басқа да балалар зардап шекпеуі үшін осыны жазып отырмын. Оның қолынан қанша бала зардап шеккенін білмеймін, бірақ мұндай адам полицияда жұмыс істемеуі тиіс, ол балалар үшін қауіпті», — деп жазды автор.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0