Шымкентте жасөспірімді пышақтап кетті

Тамыз 21, 2026 - 14:36
chat_bubble  0 visibility  8
Шымкентте жасөспірімді пышақтап кетті
Фото: istockphoto.com

Шымкенттегі дендропаркте жасөспіпімді пышақтап кетті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқиға туралы хабар әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, 17 тамызда кешке тағам сататын дүңгіршек жанында жасөспірімді пышақтап кеткен. Шымкент полициясы қылмыстық іс қозғады.

"Оқиғаға қатысушылар анықталды. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр", - дейді полицияда.

Жасөспірімдердің заңды өкілдерін балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Тексеру нәтижесі бойынша оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне тиісті шаралар қабылданатын болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0