Шымкенттегі төбелеске қатысқан төрт адам ұсталды
Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін болған төбелес салдарынан бір адам көз жұмды. Бұзақылық және адам өлімі фактілері бойынша іздеуде болған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Шымкент қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталды.
"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасуда", - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0